18 декабря 2025


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында университеттің стратегиялық, кадрлық және қаржылық-бақылау бағытындағы дамуына қатысты негізгі мәселелер қаралды.

Отырыс аясында 2025–2029 жылдарға арналған Университетті дамыту жоспарын жыл сайын нақтылау мәселесіне, әсіресе 2026 жылға арналған міндеттерге ерекше назар аударылды. Директорлар кеңесінің мүшелері комитет төрағаларының 2025 жылдағы қызмет нәтижелері бойынша есептерін тыңдап, тәуекелдерді басқару мәселелерін талқылады. Сонымен қатар 2025 жылға арналған қаржылық есептілікке аудит жүргізетін аудиторлық ұйым қызметінің ақы мөлшері келісіліп, университеттің ішкі аудит қызметі туралы ережеге өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар қаралды.

Өткізілген отырыс университеттің корпоративтік басқару қағидаттарына, ашықтық пен стратегиялық сабақтастыққа берік екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қабылданған шешімдер Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және алдағы кезеңде оның қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталды.