Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде педагогтарды даярлау бағдарламаларының тыңдаушыларына арналған педагогикалық практика бойынша ұйымдастыру конференциясы өтті.
Іс-шара «Білім беру» бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының оқу жоспарын іске асыру аясында Аймақтық қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығының (КДжБАРО) базасында ұйымдастырылып, болашақ педагогтердің кәсіби даярлығындағы маңызды кезең — оқудың практикалық бөлігінің басталуына жол ашты.
Конференция жұмысына практика жетекшілері — педагогика ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор Наталья Радченко, PhD, ассистент-профессор Гүлден Есполова, бейіндік пәндер оқытушысы, сениор-лектор Қымбат Қанапиянова, КДжБАРО директоры Бақытгүл Исебаева, сондай-ақ алдағы уақытта білім беру ұйымдарында практикадан өтетін педагогикалық қайта даярлау курстарының тыңдаушылары қатысты.
Қатысушыларға педагогикалық практиканың мақсаттары мен міндеттері, құрылымы, күтілетін нәтижелері, есеп беру нысандары, сондай-ақ практика базаларымен өзара іс-қимыл жасау ерекшеліктері жан-жақты таныстырылды. Жетекшілер бұл кезеңнің кәсіби қызметтің нақты жағдайларымен танысуға, теориялық білімді білім беру ортасында қолдануға, кәсіби және коммуникативтік құзыреттерді дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Талқылау барысында әдістемелік ұсынымдар беріліп, ұйымдастырушылық мәселелерге қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Болашақ мұғалімнің кәсіби болмысын қалыптастырудағы педагогикалық практиканың рөліне, тапсырмаларды орындау кезінде бастамашылдық, жауапкершілік пен шығармашылық көзқарас танытудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Конференция жұмысы оқытушылардың ақжарма тілектерімен және педагогикалық практиканы мазмұнды, нәтижелі әрі жемісті өткізулеріне арналған ізгі ниеттерімен қорытындыланды.