12 января 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ҚЫСҚЫ МЕКТЕП АЯСЫНДА «КӨПТІЛДІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖҮЙЕЛЕРІНДЕ МӘДЕНИ ЖӘНЕ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МАҒЫНАЛАРДЫ ДӘЛ БЕРУГЕ АРНАЛҒАН КОДТАЛҒАН МӘДЕНИЕТ: ҚОЛДАНУ ҚАҒИДАТТАРЫ МЕН МОДЕЛЬДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТЕДІ

Amanzholov University-де қысқы мектеп аясында «Көптілді жасанды интеллект жүйелерінде мәдени және лингвистикалық мағыналарды дәл жеткізуге арналған кодталған мәдениет: қолдану қағидаттары мен модельдері» тақырыбында семинар өтеді.

Қысқы мектептің негізгі мақсаты – профессор-оқытушылар құрамы мен университет қызметкерлерінің жоғары білім беру жүйесінде жасанды интеллект технологияларын қолдану саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттыру. Бұл білім беру бағдарламаларын жобалау мен іске асыруды, сондай-ақ заманауи әдістемелік және цифрлық шешімдерді енгізуді қамтиды.

Қысқы мектептің міндеттері:

— профессор-оқытушылар құрамының жоғары білім беру үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолдану бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру;

— жасанды интеллектке негізделген заманауи әдістемелік және цифрлық шешімдерді пайдалана отырып, білім беру бағдарламаларын жобалау және іске асыру бойынша практикалық дағдыларды дамыту;

— оқытуды жекешелендіруге және оның сапасын арттыруға бағытталған инновациялық педагогикалық тәсілдерді меңгеру;

— университеттің білім беру және оқу-әдістемелік қызметінде жасанды интеллект технологияларын енгізудің үздік тәжірибелерін зерделеу және тарату.

Спикер: Құлмырзаев Н.С., PhD, «Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті» КеАҚ Жасанды интеллект институтының директоры, Қызылорда қ., Қазақстан

Өтетін күні: 14.01.2026 ж.

Өтетін уақыты мен орны:

сағат 11:00

№1 оқу ғимараты, №218 аудитория