12 января 2026


ҚЫСҚЫ МЕКТЕП: АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІ «СТЖ ЖӘНЕ ЖӨРҰ ҰЙЫМДАСТЫРУДА ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕМИНАРҒА ШАҚЫРАДЫ

Қысқы мектеп аясында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «СТЖ және ЖӨРҰ ұйымдастыруда цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері» тақырыбында семинар өтеді.

Қысқы мектептің негізгі мақсаты – профессор-оқытушылар құрамы мен университет қызметкерлерінің жоғары білім беру жүйесінде жасанды интеллект технологияларын қолдану саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттыру. Бұл білім беру бағдарламаларын жобалау мен іске асыруды, сондай-ақ заманауи әдістемелік және цифрлық шешімдерді енгізуді қамтиды.

Қысқы мектептің міндеттері:

— профессор-оқытушылар құрамының жоғары білім беру үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолдану бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру;

— жасанды интеллектке негізделген заманауи әдістемелік және цифрлық шешімдерді пайдалана отырып, білім беру бағдарламаларын жобалау және іске асыру бойынша практикалық дағдыларды дамыту;

— оқытуды жекешелендіруге және оның сапасын арттыруға бағытталған инновациялық педагогикалық тәсілдерді меңгеру;

— университеттің білім беру және оқу-әдістемелік қызметінде жасанды интеллект технологияларын енгізудің үздік тәжірибелерін зерделеу және тарату.

Спикерлер: Козыбаева А.К., Акитбаева Н.К., Абалакова Б.Т., Аубакирова А.Д. – «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КеАҚ сениор-лекторлары, Өскемен қ., Қазақстан

Өтетін күні: 15.01.2026 ж.

Өтетін уақыты мен орны: сағат 11:00

№1 оқу ғимараты, №218 аудитория