23 января 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ТАЗАЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ

2026 жылғы 26–30 қаңтар аралығында Amanzholov University қабырғасында
«Таза аудитория – жаңа идеялар мекені» тақырыбында Тазалық апталығы өтеді.

Іс-шараның мақсаты — тазалық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру, оқу аудиторияларында тәртіпті сақтау және оқу мен даму үшін қолайлы, жайлы орта құру.
Тазалық — мәдениеттің айнасы, ал таза оқу кеңістігі — табысты білім беру үдерісінің маңызды негізі.

Барлық студенттерді, оқытушыларды және қызметкерлерді белсенді қатысуға шақырамыз!