13 Қазан 2023


ГЕРМАНИЯЛЫҚ ПРОФЕССОР, БИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ ШҚУ-ДА ДӘРІС ОҚУДА

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Amanzholov University-де Альберт-Людвиг атындағы университеттің профессоры, биология ғылымдарының докторы Чоймаа Дулумсурен дәріс оқуда. Негізгі мақсаты – студенттер, магистранттар мен докторанттарды «Бур» аппаратында практикалық жұмыс істеуге үйрету, теориялық оқыту. Сонымен қатар әр түрлі топтағы ағаш діңдерін бұрғылау арқылы ядроны дендроидентификациялау. Мұндай эксперименттік жұмыс ЖОО аумағында жүргізіледі.

Одан бөлек, Чоймаа Дулумсурен университеттің профессор-оқытушылар құрамымен ғылыми зерттеулер мен оқу процесінің ерекшеліктері туралы сараптамалық пікір алмасты.

Айта кетейік, профессор бүгінге дейін 3000-нан астам жарияланған ғылыми мақалалардың авторы.