26 февраля 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ECO-FRIENDLY: ТҰРАҚТЫ ӨМІР САЛТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ» АТТЫ ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТТІ

ІТ және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің әдістемелік онкүндігі аясында экология және география кафедраның әдістемелік онкүндігі аясында Экобиоорталық қызметкерлері 2-курс «Экология» мамандығының студенттеріне арналған «Eco-friendly: тұрақты өмір салты тәжірибелері» тақырыбында мазмұнды шеберлік сабағын өткізді. Іс-шара Аманжолов университеті базасында ұйымдастырылды.

Шеберлік сабағының негізгі мақсаты — табиғатты сақтау мен қоғамның тұрақты дамуына бағытталған кәсіби және азаматтық ұстанымның маңызды бөлігі ретінде студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Іс-шара экология саласындағы заманауи көзқарастарды, eco-friendly тұжырымдамасының мәнін және оны күнделікті өмірде тиімді қолдану жолдарын қамтыды.

Теориялық бөлімде өлкетану және ғылыми экотуризм бөлімінің меңгерушісі Е.Н. Куликова қатысушыларды eco-friendly ұғымымен, экологиялық жауапты тұтыну, қалдықтарды азайту, ресурстарды ұтымды пайдалану секілді тұрақты өмір салты дағдыларымен таныстырды. Дәріс барысында экологиялық әдеттердің жеке адам өміріндегі және қоғам дамуына ықпалы кеңінен түсіндірілді.

Практикалық бөлім ерекше шығармашылық атмосферада өтті. «УИ экобиоорталығының» шебер-флористі З.П. Быкова студенттермен бірге табиғи материалдардан экологиялық кәдесыйлар жасап, табиғатқа қамқорлықтың тек пайдалы ғана емес, сонымен қатар саналы әрі шабыттандыратын іс екенін көрсетті. Студенттер өз қолымен бұйым жасау арқылы экологиялық ойлауды тәжірибе жүзінде бекітті.

Іс-шара студенттердің экология саласына деген қызығушылығын арттырып, олардың болашақ кәсіби қызметінде тұрақты даму қағидаттарын басшылыққа алуына ықпал етті.