27 февраля 2026
АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ӨМІР ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ОНЛАЙН-ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ӨТТІ
Аманжолов университеті базасында мектеп оқушылары арасында «Өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» бағыты бойынша өңірлік онлайн-пәндік олимпиада өтті. Зияткерлік сайысқа Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының мектеп командалары қатысты.
Іс-шараны университеттің IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі, экология және география кафедрасының сениор-лекторлары Гульфат Калелова мен Серик Бакин ұйымдастырды.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша 40 сұрақтан тұратын тест тапсырды. Екінші кезеңде экологиялық қауіпсіздік, төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға арналған ғылыми жобаларын қорғады.
Өңірлік онлайн-пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
I орын (88 балл) Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты (Жамбыл атындағы). Қатысушылар: Талига Жунусова, Айым Касымбекова, Зауре Курмангали. Жетекшісі: Жадыра Еркінқызы Малкешова.
II орын (84 балл) Семей қаласының №6 гимназиясы (Абай облысы):
– Адель Талгатовна Султанбекова (жетекшісі — Татьяна Васильевна Попова);
– Дария Мухтаровна Раисова (жетекшісі — Сулушаш Зедаевна Султабаева).
III орын:
– Көкпекті ауданының Үлкенбөкен орта мектебі — 83 балл;
– Глубокое ауданы білім бөлімінің «Тархан орта мектебі – балабақша кешені» КММ — 82 балл;
– Катонқарағай ауданының Рыков атындағы орта мектебі — 80 балл.
Өңірлік онлайн-олимпиада өмір қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қызығушылық танытатын мектеп оқушыларын анықтау және қолдауға бағытталған маңызды алаңға айналды.
Іс-шараның негізгі мақсаттары:
– өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында теориялық әрі практикалық құзыреттерді қалыптастыру;
– тәуекелдерді талдау және төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын дамыту;
– жастар арасында қауіпсіз мінез-құлық мәдениеті мен экологиялық жауапкершілікті насихаттау;
– оқушылардың ғылыми-зерттеу және жобалық қызметін қолдау.
Мұндай іс-шараларды өткізу логикалық ойлауды, шапшаңдықты, командада жұмыс істеу қабілетін және стандарттан тыс жағдайларда шешім қабылдау дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Олимпиада сондай-ақ қауіпсіздік және қолданбалы экология саласында кәсіби дамуға бағдарланған дарынды әрі ынталы оқушыларды анықтауға мүмкіндік береді.
Жалпы, іс-шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Оның нәтижелері қазіргі білім беру жүйесінде өмір қауіпсіздігі мен экологиялық жауапкершілікті оқытудың маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады.






