27 февраля 2026


СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ ҚАБЫРҒАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР ХИМИЯ ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

IT және жаратылыстану ғылымдарының жоғары мектебінің «Химия» кафедрасында қала және облыс мектептерінің 8–9 сынып оқушылары арасында облыстық жасөспірімдер химия олимпиадасы ұйымдастырылды. Олимпиада екі кезең бойынша өткізілді.

Іріктеу кезеңі қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы өтті. Қатысушыларды тіркеу 2026 жылғы 24 ақпанда жүргізілді. Олимпиадаға қазақ сыныптарынан 50 оқушы, орыс сыныптарынан 12 оқушы өтінім берді. Тестілеу 2026 жылғы 26 ақпанда Google Forms платформасы арқылы онлайн форматта өткізілді.

Теориялық-практикалық кезең де 2026 жылғы 26 ақпанда онлайн форматта «Химия» кафедрасы тарапынан ұйымдастырылды. Оған: 8 сынып (қазақ сыныптары) — 25 оқушы; 8 сынып (орыс сыныптары) — 4 оқушы; 9 сынып (қазақ сыныптары) — 25 оқушы; 9 сынып (орыс сыныптары) — 8 оқушы қатысты.

Қатысушылар теориялық және шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындап, сапалық реакциялар негізінде заттарды анықтауға арналған есептерді ойша тәжірибе форматында шешті. Ең жоғары көрсеткіш — 100 балл. Олимпиаданың ашылу салтанатында кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Шаихова Бақыт Қалиасқарқызы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Олимпиаданың бастамашысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Тантыбаева Батима Сматайқызы қатысу ережелері мен бағалау критерийлерін таныстырды. Қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

I орын: Оралбекова Диляра (9 сынып, қазақ тілі), КММ «Рыков атындағы орта мектеп», Катонқарағай ауданы; Валитова Аяла Таировна (9 сынып, орыс тілі), Назарбаев Зияткерлік мектебі, Өскемен қаласы. II орын: Касенова Асылназ Серіковна (8 сынып, қазақ тілі), КММ «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі», Өскемен қаласы; Шипунов Сергей Сергеевич (8 сынып, орыс тілі), КММ «№11 мектеп-лицейі», Өскемен қаласы. III орын: Айдосқызы Кәусар (8 сынып, қазақ тілі), КММ «№47 орта мектеп», Өскемен қаласы; Коваль Кира (9 сынып, орыс тілі), КММ «М. Шаяхметов атындағы №23 орта мектеп».

Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды, ал олардың ғылыми жетекшілеріне университет ректорының атынан алғыс хаттар табысталды. Модераторлар және ұйымдастыру комитетінің құрамында: Шаихова Бақыт Қалиасқарқызы — қауымдастырылған профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты; Тантыбаева Батима Сматайқызы — қауымдастырылған профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты; Сағдоллина Назерке Рашидқызы — сениор-лектор, педагогика ғылымдарының магистрі; Нурлыбай Лаура Нурлыбайқызы — лектор, жаратылыстану ғылымдарының магистрі; Асқарова Мөлдір Асқарқызы — лектор, педагогика ғылымдарының магистрі болды.

Жасөспірімдерге арналған химия олимпиадасының өткізілуі өңір мектеп оқушыларының пәндік дайындығын дамытуға, жаратылыстану ғылымдарына қызығушылығын арттыруға және Шығыс Қазақстан облысы мектептерімен университеттің кәсіби бағдар беру жұмысын нығайтуға маңызды үлес қосты.