14 марта 2026


КӨРІСУ КҮНІ – АМАЛ МЕРЕКЕСІ АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Наурызнама онкүндігінің алғашқы күні – Көрісу күні (Амал мерекесі) аталып өтті. Ұлттық дәстүрге негізделген бұл мерекелік шара университет ұжымы мен студенттер қауымын бірлік пен татулыққа үндейтін рухани құндылықтарды дәріптеуге арналды.

Іс-шараны тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлім ұйымдастырды.

Көрісу күні – қазақ халқының ежелден келе жатқан игі дәстүрлерінің бірі. Бұл күні адамдар бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасып, ақжарма тілектерін білдіреді. Университетте ұйымдастырылған іс-шара барысында қатысушылар ұлттық дәстүр бойынша көрісіп, Наурыз мерекесінің мән-маңызы туралы ой бөлісті.

Мерекелік жиын барысында ұлттық салт-дәстүрлер дәріптеліп, қазақтың бай мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған танымдық әңгімелер айтылды. Студенттер мен оқытушылар ұлттық киім киіп, қазақ халқының бірегей мәдениетін айшықтайтын дәстүрлерді жаңғыртуға үлес қосты.

Аталған іс-шара Наурызнама аясындағы мерекелік күндердің бастауын білдіріп, университет қабырғасында ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған тәрбиелік маңызы зор шаралардың бірі болды.