18 марта 2026


«DIGITAL NAURYZ – 2026» АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ӨТТІ

Аманжолов университетінде «Наурызнама» онкүндігі аясында химия кафедрасының 1 курс білім алушыларының ұйымдастыруымен «Digital Nauryz – 2026» атты мерекелік іс-шара өтті.

Шара барысында қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері кеңінен насихатталды. Студенттер «Қыз ұзату», «Сырға салу» сияқты көріністерді сахналық қойылым түрінде ұсынып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар, домбыраның күмбірлеген үнімен әсем әндер орындалып, ұлттық рух көтерілді.

Іс-шара жастардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға және дәстүрлерді жаңғыртуға бағытталды. Қатысушылар мерекелік көңіл-күйге бөленіп, қазақ мәдениетінің бай мұрасымен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды.