2 апреля 2026


РИДДЕРДЕ AMANZHOLOV UNIVERSITY ӨКІЛДЕРІ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің өкілдері Риддер қаласында мектеп бітіруші түлектермен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді. Іс-шараға қала мектептерінің оқушылары, ата-аналар мен педагогтар қатысты.

Кездесуге Риддер қаласының әкімі Думан Рахметқалиев, қалалық білім бөлімінің басшысы Батырбек Абиев және университеттің Басқарма Төрағасы – ректор, профессор Мұхтар Төлеген қатысты. Өз сөзінде ректор Amanzholov University-дің білім беру мүмкіндіктері мен жетістіктері туралы айтып өтті.

Кездесу кезінде университет ректоры Риддер қаласының әкіміне, білім бөлімінің басшысына және студенттердің ата-аналарына алғыс хаттар табыстады.

Іс-шараның маңызды сәттерінің бірі – қала мектептерінің үш түлегіне университеттің төрт жылдық білім гранттарының берілуі болды. Грант сертификаттары Риддер қаласының түлектері Дильназ Дидарқызына, Полина Самойловаға және Дарья Баженоваға табысталды.

Сонымен қатар, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Лейла Байжуманова талапкерлерге білім беру бағдарламалары мен оқуға қабылдау шарттары туралы ақпарат берді.

Шара университет студенттерінің концерттік бағдарламасымен аяқталды. Түлектерге Ұлттық бірыңғай тестілеуде сәттілік тілеп, Amanzholov University қабырғасында білім алуға шақырды..