6 апреля 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ КЕҢ КӨЛЕМДЕ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.

Шараға 1000-нан астам студент, магистрант және университет қызметкерлері қатысып, оқу ғимараттарының аумағын тазалап, айналаны ретке келтіру жұмыстарын жүргізді.

Сенбілік барысында жастар университет кампусының түрлі бөліктерінде тазалық жұмыстарын жүргізіп, экологиялық мәдениетті насихаттады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар студенттердің қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып қана қоймай, жастардың қоғамдық белсенділігін күшейтеді.

Аманжолов университетінде «Таза Қазақстан» акциясы кең көлемде өтіп, университет жастарының табиғатты қорғауға деген жауапкершілігі мен белсенділігін тағы бір мәрте көрсетті.