10 апреля 2026


«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ ЕРЖАН ЖЫЛҚЫБАЕВ АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ КЕЛДІ

«AMANAT» партиясының хатшысы Ержан Жұматұлы Жылқыбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне келді.

Сапар барысында ол университеттің «AI Amanzholov» жасанды интеллект орталығын аралап, орталықтың қызметімен және іске асырылып жатқан жобалармен танысты.

Ержан Жылқыбаев заманауи технологиялармен жабдықталған орталықтың мүмкіндіктеріне жоғары баға беріп, жасанды интеллект саласындағы бастамалардың білім мен ғылымды дамытудағы маңызын атап өтті.

Кездесу барысында университетте цифрлық технологияларды дамыту, білім беру процесіне жасанды интеллект құралдарын енгізу және инновациялық жобаларды қолдау мәселелері талқыланды.

Қонақ университет ұжымына алдағы жұмыстарына табыс тілеп, ғылыми-білім беру бастамаларын әрі қарай дамыту маңызды екенін жеткізді.