10 апреля 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ AMANAT ПАРТИЯСЫНЫҢ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XXXVI КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

«AMANAT» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне келді.

Сапар барысында ол өңірдегі жастар саясаты, білім беру саласының даму бағыттары және жоғары оқу орындарымен өзара әріптестікті нығайту мәселелерін талқылады. Университет ұжымы қонақты жылы қарсы алып, оқу орнының қазіргі жетістіктері мен ғылыми-білім беру әлеуеті туралы ақпарат ұсынды.

Сонымен қатар, AMANAT партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс XXXVI конференциясы өтті. Жиын барысында партиялық жобаларды іске асыру, өңірлік бастамаларды қолдау және жастармен жұмысты күшейту бағыттары қарастырылды.

Кездесулер мен конференция аясында білім беру мен қоғамдық-саяси сала арасындағы байланысты арттыру, сондай-ақ жастардың азаматтық белсенділігін дамыту мәселелері ерекше атап өтілді.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті тарапынан мұндай іс-шаралар өңір жастары үшін жаңа мүмкіндіктер ашатыны және білім мен тәжірибе алмасуға жол беретіндігі айтылды.