13 апреля 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

Психология және түзету педагогикасы кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қазіргі білім беру жүйесінің өзекті мәселелерін зерделеуге бағытталған жүйелі ғылыми-әдістемелік жұмыс жүргізіп келеді. Бұл бағыттағы ізденістер білім беру сапасын арттыруға, заманауи талаптарға бейімделген оқыту үдерісін қалыптастыруға негіз болады.

Кафедраның ғылыми-әдістемелік қызметі аясында әдістемелік жинақтар жарық көруде. Аталған басылымдарда оқытудың маңызды мәселелері жан-жақты қарастырылып, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу, сондай-ақ инклюзивті білім беру қағидаларын тиімді жүзеге асыру жолдары талданады. Бұл материалдар оқытушыларға тәжірибеде қолдануға болатын нақты ұсыныстарымен құнды.

Қазіргі таңда үш әдістемелік жинақ дайындалып, жарық көрді. Әрбір шығарылым авторлық куәлікке ие болып, олардың ғылыми жаңашылдығы мен әдістемелік маңыздылығын айқындайды. Соның ішінде соңғы авторлық куәлік 2026 жылғы 3 сәуірде алынуы — атқарылған жұмыстың нәтижелілігін көрсетеді.

Бұл басылымдар озық педагогикалық тәжірибені кеңінен таратуға, білім беру үдерісінің тиімділігін арттыруға және оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға зор үлес қосады. Сонымен қатар, мұндай жүйелі жұмыс ғылыми-педагогикалық қауымдастықтың дамуына серпін беріп, заманауи білім беру кеңістігінде өзекті шешімдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.