27 сәуір 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында XVIII Республикалық пәндік олимпиада өтті. Аталған білім сайысында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенті Жанзада Ержанова жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша ол «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәні бойынша III орын иеленді. Ғылыми жетекшісі — Дидар Сейітжан.

Бұл жетістік — табандылықтың, мақсатқа ұмтылудың және сапалы дайындықтың нәтижесі. Республикалық олимпиадаларға қатысу студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және олардың ғылыми әлеуетін ашуға ықпал етеді.