30 сәуір 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ МЕН ДІНИ ҚАУЫМДАСТЫҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Физика және ақпараттық технологиялар (ФиТ) кафедрасының студенттері үшін құқық қорғау органдарының және мұсылман діни ұйымының өкілдерімен маңызды кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ діни сауаттылық пен рухани құндылықтарды нығайту болды.

Кездесу барысында құқық қорғау органдарының мамандары студенттерге еліміздегі заңнамалық талаптар, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлері туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алу, жастардың қауіпсіз ортада білім алуы мен өмір сүруі үшін маңызды ұсыныстар айтылды.

Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беріліп, ашық пікір алмасу форматында өткен кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қатысушылар мұндай іс-шаралардың жастардың құқықтық және рухани тәрбиесінде ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Кездесу соңында университет тарапынан осындай форматтағы профилактикалық және тәрбиелік бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатыны айтылды.