5 мамыр 2026


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

Қазақстан Республикасында жыл сайын 1 маусымда өсіп келе жатқан ұрпақтың құқықтары мен әл-ауқатын қорғау мәселелеріне қоғам назарын аударуға бағытталған Халықаралық балаларды қорғау күні кеңінен атап өтіледі. Қазіргі жағдайда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін сапалы әрі қолжетімді білім беруді қамтамасыз ету айрықша өзектілікке ие болып табылады. Статистикалық деректерге сәйкес, елімізде аталған категориядағы балалардың саны 230 мыңнан асады, бұл балалардың жалпы санының шамамен 3%-ын құрайды және олардың әрқайсысы ерекше педагогикалық тәсілді қажет етеді. Осыған байланысты білім беру ұйымдары педагогтарының әрбір баланың оқуына және дамуына тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған инклюзивті білім беру ортасында жұмыс істеудің заманауи, тиімді және баламалы әдістері мен тәсілдерін меңгеру қажеттілігі артып отыр.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі, «Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «Örken» КММ және ШҚО білім басқармасының «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ қолдауымен «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық даярлау және әдістемелік-технологиялық қолдау бойынша құзыреттілік орталығы» жобасы аясында педагогтарға арналған «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды инклюзивті қолдаудың баламалы және арнайы әдістері» тақырыбында сертификат берілетін қайырымдылық «WORKSHOP» өткізеді. Жиналған қаражат ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№48 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ үшін дефектологтың кәсіби үстелін дайындауға жұмсалады.

Бағдарламада шеберлік сыныптары, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуге арналған оқу-әдістемелік құралдар мен технологиялық жабдықтардың көрмесі қарастырылған.

Өткізу күні: 2026 жылғы 19 мамыр

Өткізу форматы: офлайн

Өткізу орны: «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ (бұдан әрі – Университет), 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34, «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығы

Өткізу тілі: қазақ, орыс тілдері

Қосымша ақпаратты келесі телефон нөмірі арқылы алуға болады: +77013457728