14 мамыр 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

Amanzholov University-ге Azerbaijan State University of Economics (UNEC RESH) жанындағы Орыс экономикалық мектебінің директоры, UNEC Когнитивті экономика ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Мансур Иса оғлы Бархударов арнайы келді.

Шетелдік ғалымның сапары Экономика, менеджмент және қаржы кафедрасына бюджеттен тыс қаражат есебінен шетелдік мамандарды оқытушылық қызметке тарту мақсатында ұйымдастырылды.

Сапар аясында Мансур Иса оғлы Бархударов университеттің магистранттарына, докторанттарына және профессорлық-оқытушылық құрамына дәрістер өткізеді. Кездесулер барысында экономика, менеджмент және когнитивті экономика салаларындағы заманауи тәсілдер, сондай-ақ халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланады.

Мұндай бастамалар ғылыми байланыстарды нығайтуға, тәжірибе алмасуға және университеттегі білім беру үдерісінің сапасын арттыруға ықпал етеді.