14 мамыр 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде халықаралық академиялық серіктестікті дамыту аясында маңызды кездесу өтті. Университетке Әзербайжан мемлекеттік экономикалық университетінің (UNEC) Орыс экономикалық мектебінің деканы, экономика саласының маманы Бархударов Мансур Иса оглы арнайы келді.

Кездесу барысында тараптар жоғары білім беру жүйесіндегі халықаралық тәжірибе алмасу, ғылым мен білім саласындағы әріптестікті нығайту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Әсіресе, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамыту, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың тәжірибе алмасуын ұйымдастыру, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және халықаралық білім беру бастамаларын іске асыру бағыттарына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, тараптар қос дипломды білім беру бағдарламаларын дамыту, халықаралық конференциялар мен ғылыми іс-шараларды бірлесіп өткізу, сондай-ақ білім беру сапасын арттыруға бағытталған жаңа жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырды.

Кездесу өзара пікір алмасу форматында өтіп, екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды бастамалардың негізін қалады.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті халықаралық байланыстарды кеңейту, шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестікті дамыту және білім мен ғылым кеңістігіндегі ықпалдастықты нығайту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда