18 мамыр 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА АРМРЕСТЛИНГ БОЙЫНША ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

 

Талдықорған қаласында армрестлингтен Қазақстан чемпионаты өтті. Бұл жарыста Amanzholov University студенттері университет намысын абыроймен қорғап, республикалық деңгейде жоғары нәтижелер көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша 100 кг дейінгі салмақ дәрежесінде студент Еламан Базылбекұлы III орынды жеңіп алып, өзінің жоғары дене дайындығын, күш-қуатын және спорттық рухын көрсетті.

Ал 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен студент Жәлғас Тореханов тамаша нәтиже көрсетіп, Қазақстан чемпионы атанып, I орынды иеленді.

Студенттердің бұл жетістігі олардың тынымсыз еңбегінің, мақсаткерлігінің және жоғары деңгейдегі дайындықтарының нәтижесі болып табылады. Бұл жеңістер университеттегі спорттың қарқынды дамып келе жатқанын және студенттердің тек оқу емес, спорт саласында да биік белестерді бағындыруға ұмтылатынын дәлелдейді.

Amanzholov University ұжымы спортшыларды жарқын жеңістерімен құттықтап, оларға жаңа табыстар, халықаралық деңгейдегі жетістіктер мен толағай табыс тілейді.