18 мамыр 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ ГИР СПОРТЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАРДА ТАБЫСТЫ ӨНЕР КӨРСЕТТІ


Amanzholov University студенттері халықаралық спорт аренасында жоғары нәтижелер көрсетуді жалғастырып, беделді жарыстарда Қазақстан мен университет намысын абыроймен қорғап келеді.

12–17 мамыр аралығында Ақтау қаласында гир спортынан Азия чемпионаты өтті. Бұл жарысқа алты елдің спортшылары қатысып, ұзын цикл, серпе көтеру және жұлқа көтеру сынды дисциплиналар бойынша өзара бақ сынасты.

«Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Нұрым Дидарұлы 73 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жоғары нәтиже көрсетті. Ол ұзын цикл, серпе көтеру және жұлқа көтеру дисциплиналарында Азия чемпионы атанып, үш бірдей алтын жүлдені жеңіп алды.

Сонымен қатар, университет атынан «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Әлишер Серікбек те халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетіп, университеттің спорттық жетістіктеріне өз үлесін қосты.

Студенттердің бұл жетістіктері олардың табанды еңбегін, жігерін және кәсіби дайындығының жоғары деңгейін дәлелдейді. Мұндай жеңістер университеттің спорттық беделін арттырып, жастарды жаңа жетістіктерге жетелейді.

Amanzholov University ұжымы спортшыларды жарқын жеңістерімен құттықтап, алдағы уақытта да биік белестер мен жаңа рекордтарға жете беруіне тілектестік білдіреді.