19 мамыр 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ» АТТЫ СТУДЕНТТІК ОНЛАЙН-КОНКУРС ӨТУДЕ

 

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің құқықтану кафедрасы «Әділетті Қазақстанның Жаңа Конституциясы» атты студенттік онлайн-конкурсын өткізуде.

Білім сайысының басты мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының мазмұнын кеңінен насихаттау және студенттердің құқықтық сауаттылығын дамыту.

Конкурс 2026 жылдың 25 сәуірі мен 25 мамыры аралығында Google Forms платформасы арқылы онлайн форматта ұйымдастырылып жатыр. Байқауға қаладағы жоғары және орта кәсіптік оқу орындарының студенттері қатысуда. Қатысу тегін әрі жеке форматта өтеді.

Онлайн-конкурс барысында қатысушылар Конституция мәтініне негізделген тест тапсырмаларын орындайды. Сұрақтар қоғам мен мемлекеттің конституциялық құндылықтары, тұлғаның конституциялық мәртебесі, мемлекеттік басқару жүйесі, сот және құқық қорғау салалары бағытында құрастырылған.

Тест тапсырмасы 25 сұрақтан тұрады. Қатысушыларға тапсырмаларды орындауға 30 минут уақыт беріледі. Әр дұрыс жауап 1 балмен бағаланып, ең жоғары нәтиже – 25 балл. Жеңімпаздар ең көп ұпай жинау және тапсырманы орындау жылдамдығына қарай анықталады.

Конкурс қорытындысы 2026 жылғы 26 мамырда жарияланып, жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі 28 мамыр күні өтеді.

Байқаудың жүлде қоры:

I орын – 100 000 теңге;

II орын – 70 000 теңге;

III орын – 50 000 теңге.

Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталады.

Университет ұжымы студенттерді онлайн-конкурсқа белсенді қатысуға шақырып, барша қатысушыларға сәттілік тілейді.