20 мамыр 2026


МАХАТМА ГАНДИ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТТІҢ ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОРЫ АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ

Amanzholov University-де халықаралық академиялық ынтымақтастық аясында Махатма Ганди атындағы университеттің қауымдастырылған профессоры Дипа Б. студенттер мен жас ғалымдарға арналған дәріс өткізді. Ғылыми кездесу Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертхананың №8 оқу ғимаратындағы конференц-залда ұйымдастырылды.

Дәріске 6В01507 «Химия-биология», 6В05302 «Химия және наноматериалдар», 6В01504 «Химия», 6В05304 «Химиялық криминалистикалық сараптама», 6В01515 «Химия (IP)», 6В01519 «Химия-биология», сондай-ақ 7М05302 «Химия», 7М01504 «Химия», 8D05302 «Химия» және 8D01504 «Химия» білім беру бағдарламаларының студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты.

2026 жылғы 19 мамыр күні өткен дәрістің тақырыбы – «Наноматериалдардың сипаттамасы». Кездесу барысында профессор заманауи наноматериалдардың қасиеттері, олардың құрылымы мен ғылыми зерттеулердегі қолданылу бағыттары туралы жан-жақты баяндады. Сонымен қатар нанотехнологиялардың химия, биология және өнеркәсіп салаларындағы маңызына тоқталып, халықаралық тәжірибелермен бөлісті.

Дәріс барысында қатысушылар ғылыми зерттеу әдістері, наноматериалдарды талдау тәсілдері және жаңа технологиялардың даму перспективалары жөнінде құнды ақпарат алды. Студенттер шетелдік ғалыммен еркін пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Мұндай халықаралық дәрістер білім алушылардың ғылыми әлеуетін арттырып, кәсіби көзқарасын кеңейтуге мүмкіндік береді. Amanzholov University халықаралық ғылыми байланыстарды нығайту және әлемдік деңгейдегі мамандармен тәжірибе алмасу жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.