26 мамыр 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖӘНЕ ЖАСТАР»: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК QUIZ-ОЙЫНЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Конституциясын кеңінен насихаттау, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында республикалық «Жаңа Конституция және жастар» зияткерлік quiz-ойыны ұйымдастырылды.

Аталған жоба жастардың конституциялық реформалар, мемлекеттік басқару және заң шығару үдерістері туралы білімін тереңдетуге, жасанды интеллект пен цифрландыру саласындағы сауаттылығын арттыруға, сыни ойлау және талдау қабілеттерін дамытуға бағытталды. Сонымен қатар іс-шара «Таза Қазақстан», «Әділетті Қазақстан», «Адал азамат» құндылықтарын дәріптеп, белсенді әрі жауапты жастар ортасын қалыптастыруды көздеді.

Республикалық деңгейде өткен зияткерлік додаға еліміздің түрлі өңірлерінен барлығы 22 команда қатысып, өзара білім мен логика сайысында бақ сынады. Қатысушылар бірнеше кезең бойынша Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы, құқықтық мәдениет, мемлекеттік саясат, жастар саясаты, заманауи технологиялар және қоғамдық даму тақырыптары аясында сынға түсті.

Ойын қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей анықталды:

І орын – Абай облысы, Семей қаласы, Әлихан Бөкейхан университеті;

ІІ орын – Аманжолов университеті;

ІІ орын – Аманжолов университеті;

ІІІ орын – Абай облысы, Семей қаласы, Шәкәрім университеті;

ІІІ орын – Өскемен политехникалық колледжі;

ІІІ орын – Аманжолов университеті.

Сондай-ақ «Үздік ойыншы» номинациясы Абай облысы, Семей қаласындағы Әлихан Бөкейхан университетінің 4-курс студенті Нұрсұлтан Қадырғазыевке табысталды.

Аталған интеллектуалдық алаң жастардың құқықтық мәдениетін арттырып қана қоймай, белсенді, білімді әрі көшбасшы жаңа буын өкілдерін біріктірген маңызды республикалық жобаға айналды.