28 мамыр 2026
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ШАҚЫРУ
«EDU SHIFT: бейімделу технологиялары, болашақ құзыреттері және тұрақты тәжірибелер»
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен
«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ
ғалымдарды, оқытушыларды, зерттеушілерді, білім беру ұйымдарының педагогтарын, жас ғалымдарды, магистранттар мен студенттерді халықаралық ғылыми-білім беру конференциясына қатысуға шақырады.
Конференция білім беруді дамытудың заманауи үрдістерін талқылауға, инновациялық оқыту технологияларын енгізуге, болашақ құзыреттерін қалыптастыруға және тұрақты білім беру тәжірибелерін дамытуға арналған кәсіби алаң болмақ.
Конференцияның негізгі бағыттары
- Білім беру процесіндегі жасанды интеллект
- Болашақ құзыреттері және еңбек нарығының өзгеруі
- «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық білім беру мен тәрбие
- Жаңа буынның инклюзивті және қолжетімді білімі
- Ғылым мен білімнің интеграциясы
- «Заң және тәртіп» идеологиясы аясындағы жастар, көшбасшылық және әлеуметтік тәжірибелер
Қатысу форматы
- Офлайн қатысу
- Онлайн қатысу
- Конференция жинағына мақала жариялау
Жұмыс тілдері
- Қазақ тілі
- Орыс тілі
- Ағылшын тілі
Конференция материалдары
Конференция материалдары PDF форматындағы ғылыми мақалалар жинағы ретінде жарияланады. Жинаққа ӘОЖ, КБЖ кітапханалық индекстері мен ISBN халықаралық стандартты нөмірі беріледі.
Материалдар университеттің ресми сайтында жарияланады:
https://vku.edu.kz/
Материалдарды қабылдау мерзімі
Қатысуға өтінім мен мақалаларды
2026 жылғы 17 маусымға дейін
төмендегі электрондық поштаға жіберу қажет:
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы
Қазақстан Республикасы, 070019
Өскемен қаласы, 30-шы Гвардия дивизиясы көшесі, 34
С. Аманжолов атындағы ШҚУ, №240 дәрісхана
Мақаланы рәсімдеу талаптары
Мақала көлемі: 5–6 беттен аспауы тиіс.
Техникалық талаптар:
- Қаріп: Times New Roman
- Қаріп өлшемі: 14
- Жоларалық интервал: 1,0
- Жаңа жол: 1,25 см
- Барлық жиектер: 20 мм
- Мәтін ені бойынша туралануы тиіс
Мақала құрылымы:
- ӘОЖ
- Мақала атауы (бас әріппен, ортада)
- Автор(лар)дың аты-жөні
- Жұмыс орны, қала, ел
- Негізгі мәтін
- Суреттер мен формулалар атауы (кегль 12, ортада)
- Әдебиеттер тізімі
Назар аударыңыз:
- Материалдар толық редакцияланған болуы тиіс.
- Мақала мазмұнына автор жауап береді.
- Белгіленген мерзімнен кеш ұсынылған немесе талаптарға сәйкес келмейтін материалдар қарастырылмайды.
- Ұйымдастыру комитеті материалдарды іріктеу құқығын өзіне қалдырады.
ҚАТЫСУШЫ ӨТІНІМІ
- Автордың (авторлардың) аты-жөні
- Лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
- Жұмыс орны (толық атауы)
- Баяндама тақырыбы
- Конференция бағыты
- Байланыс телефоны
Сіздерді халықаралық ғылыми ынтымақтастық алаңында көргенімізге қуаныштымыз!