16 маусым 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҮЗДІК ДИПЛОМДАРҒА ҚОЛ ҚОЮ РӘСІМІ ӨТТІ

Бүгін Аманжолов университетінде 2026 жылғы бітіруші түлектерге табысталатын үздік дипломдарға (қызыл дипломдарға) қол қою рәсімі өткізілді.

Қызыл диплом – бұл жай ғана құжат емес. Ол студенттің бірнеше жыл бойғы табанды еңбегінің, жоғары жауапкершілігінің және білімге деген ұмтылысының айқын нәтижесі. Әрбір дипломның артында үздіксіз ізденіс, қажырлы еңбек және кәсіби дамуға деген талпыныс жатыр.

Биылғы түлектердің дипломдық құжаттарын дайындау және рәсімдеу жұмыстары университеттің Студенттерге қызмет көрсету бөлімінің үйлесімді әрі жауапты қызметінің арқасында белгіленген мерзімде толық аяқталды. Құжаттарды рәсімдеу үдерісі университет басшылығының тұрақты бақылауында болып, барлық жұмыстар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Қол қойылған әрбір диплом жас мамандардың үлкен армандары мен жарқын болашағын бейнелейді. Аманжолов университеті өз түлектерінің жетістіктерін мақтан тұтады және олардың алған білімдерін ел игілігіне жұмсап, қоғамның дамуына үлес қосатын білікті мамандар ретінде қалыптасатынына сенім білдіреді.