16 маусым 2026


DANA BALA ОРТАЛЫҒЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

16 маусымда Amanzholov Universityде «Dana Bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығында ШҚО бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚ Кәсіби даму институты ұйымдастырған инклюзивті білім беру бағытындағы біліктілікті арттыру курстары тыңдаушыларына арналған кезекті практикалық семинар өтті.

Семинар барысында қатысушылар ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды қолдаудың заманауи тәсілдерімен танысып, инклюзивті білім беру ортасын ұйымдастырудың тиімді тәжірибелері мен педагогтердің кәсіби қызметінде қолданылатын заманауи технологияларды меңгерді.

Іс-шара педагогтердің кәсіби құзыреттерін дамытуға, инклюзивті білім беру мәдениетін нығайтуға және әрбір балаға сапалы білім алуға тең мүмкіндік жасау қағидаттарын ілгерілетуге бағытталды.

Amanzholov University инклюзивті білім беруді дамыту және педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастыруда.