1 шілде 2026


AMАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында университеттің академиялық және оқу-әдістемелік қызметіне қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Кеңес барысында университеттің 2024–2029 жылдарға арналған даму бағдарламасы аясындағы оқу-әдістемелік жұмыстың жай-күйі талқыланды. Сондай-ақ 2026–2027 оқу жылына арналған жұмыс оқу жоспарлары, академиялық күнтізбелер, GPA көрсеткіштері, оқу пәндері бойынша емтихан нысандары және аттестаттау комиссияларының есептері бекітілді.

Сонымен қатар «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының қызметі, кәсіптік бағдар беру, түлектерді жұмысқа орналастыру, оқу-әдістемелік әдебиеттерді баспаға ұсыну және қабылдау комиссиясының жұмысына қатысты мәселелер қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.