8 шілде 2026


ПЕДАГОГИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Педагогика жоғары мектебі түлектеріне диплом табыстау салтанаты өтті.

Салтанатты рәсімде жас мамандарға жоғары білім туралы дипломдар табысталып, оқу мен қоғамдық өмірде үздік нәтиже көрсеткен түлектер марапатталды. Сонымен қатар әскери кафедраны тәмамдаған түлектерге алғашқы әскери шендері тапсырылды.