16 шілде 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫ КОНКУРСЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

2026 жылғы 13–20 шілде аралығында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде республикалық бюджет қаражаты есебінен жоғары білім алуға арналған мемлекеттік білім беру гранты конкурсына қатысу үшін талапкерлерден өтінімдер қабылданады.

Грант конкурсына қатысуға ниет білдірген талапкерлер белгіленген мерзімде университеттің Қабылдау комиссиясына құжаттарын тапсыра алады. Сондай-ақ өтінімдерді электрондық үкіметтің eGov.kz порталы арқылы онлайн форматта жолдауға мүмкіндік қарастырылған.

Құжаттарды қабылдау мерзімі – 2026 жылғы 13–20 шілде.

Қосымша ақпаратты Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Қабылдау комиссиясынан алуға болады.