23 Қазан 2023


ШҚУ-ДЫҢ СЕГІЗ СТУДЕНТІ ПОЛЬШАДА ОҚИДЫ

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында педагогикалық бейіндегі мамандықтар бойынша сегіз білім алушы Польшаға аттанды. Бағдарламаға қатысушылар арасында Исмұхамбетова Алина, Нұрсұлтан Ернар, Қыдырбекова Әйгерім, Толыбаева Даяна, Искандырова Айдана, Мерхакимов Мұса, Махмұтова Жанерке және Әлібекова Диана бар. Жастар Адам Мицкевичтің жоғары рейтингті серіктес университетінде жарты жылдық оқудан өтеді.
Айта өту керек, ШҚУ халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытуда. Қазір Альма-матерде серіктестер тізімінде 200-ден астам университет бар.