2 қыркүйек 2026


XXI ҒАСЫР ХИМИЯСЫ: ФУНДАМЕНТАЛДЫ БІЛІМНЕН БОЛАШАҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНА ДЕЙІН

2026 жылғы 2 қыркүйекте Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің химия кафедрасында 1-курс студенттерімен алғашқы кездесу-дәріс өтті. Бұл іс-шара бірінші курс студенттерінің оқу және кәсіби жолының басталуындағы маңызды кезеңге айналып, оларға заманауи химия ғылымымен және оның даму перспективаларымен танысуға кең мүмкіндік берді.

Дәрісті химия кафедрасының профессоры Шаихова Бақыт Қалиасқарқызы өткізді. Кездесу барысында студенттерге XXI ғасыр химиясының заманауи даму бағыттары, өзекті ғылыми зерттеулер және химиялық білімнің қоғам өмірінің түрлі салаларындағы практикалық маңызы таныстырылды.

Фундаменталды білімнің болашақ мамандарды даярлаудағы рөліне ерекше назар аударылды. Студенттер химияның заттардың құрамы, құрылысы мен қасиеттерін зерттейтін маңызды жаратылыстану ғылымы ғана емес, сонымен қатар көптеген заманауи технологиялардың дамуына негіз болатын ғылым екенін білді. Химия саласындағы фундаменталды зерттеулер жаңа материалдар, дәрілік препараттар, экологиялық қауіпсіз технологиялар, энергия көздері және өндірістегі инновациялық шешімдерді жасауға ықпал етеді.

Кездесу танымдық әрі шабыттандыратын атмосферада өтті. Студенттер химия ғылымының заманауи жетістіктері мен оның одан әрі даму перспективаларына қызығушылық танытты. Алған білімдері мен әсерлері олардың алдағы оқуына, ғылыми ізденісіне және кәсіби өсуіне маңызды серпін беретіні сөзсіз.

Алғашқы дәріс бірінші курс студенттері үшін химияның қызықты әлеміне бастар өзіндік жолдың бастауы болды. Бұл ғылым бүгінде қоршаған әлемді түсіндіріп қана қоймай, болашақ технологиялардың қалыптасуына да белсенді ықпал етеді.