11 қыркүйек 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Н. Б. Әлімбекованың төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті.

Кеңеске академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің (АСжБББД) қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында оқу үдерісін ұйымдастыру және сүйемелдеу, білім беру бағдарламаларын іске асыру, академиялық қызметті жетілдіру, сондай-ақ білім беру сапасын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Сонымен қатар университет ректорының хаттамалық тапсырмаларын сапалы әрі уақтылы орындауға ерекше мән берілді. Қатысушылар ағымдағы жұмыс мәселелерін талқылап, департамент қызметінің басым бағыттарын және жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды айқындады.

Кеңес қорытындысы бойынша нақты міндеттер белгіленіп, жауапты тұлғалар мен оларды орындау мерзімдері айқындалды.