17 қыркүйек 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде жаңа оқу жылындағы Академиялық кеңестің алғашқы отырысы өтті.

Отырыста жазғы семестр мен емтихан сессиясын ұйымдастыру және өткізу қорытындылары шығарылды. Сондай-ақ 2025–2026 оқу жылында педагогикалық білім беру бағдарламаларын тәмамдаған түлектердің педагогтердің білімін бағалау (ПББ) нәтижелері талданды.

Академиялық кеңес төрағасы оқу процесін ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталған басым міндеттерді атап өтті. Проблемалық мәселелерді анықтап, алынған нәтижелерді педагог кадрларды одан әрі даярлау кезінде ескеру қажеттігі айтылды.

Сонымен қатар отырыста жоғары мектептердің үштілді білім беруді дамыту жоспарлары тыңдалды. Оқытушылардың ағылшын тілі курстарын тиімді меңгеруіне жағдай жасау бойынша алдағы шаралар айқындалды.