17 қыркүйек 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ АЛТАЙ АУДАНЫНДА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде 4 курс студенттерінің Алтай ауданының өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу болашақ түлектерді жұмысқа орналастыру, білім беру ұйымдарындағы кадр қажеттілігі және жас мамандардың кәсіби қызметіне қойылатын талаптар мәселелеріне арналды. Мұндай кездесулер университетте өңірлермен және әлеуетті жұмыс берушілермен ынтымақтастық аясында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Кездесуде Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Басқарма төрағасы – ректор Гүлжан Жарасова қатысушыларға құттықтау сөз арнады.

Іс-шараға Басқарма төрағасының орынбасары – стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ирина Владимировна Ровнякова, университеттің жоғары мектеп декандары және студенттер қатысты.

Алтай ауданын аудан әкімі міндетін атқарушы Жанна Аскарқызы Аскарова таныстырды. Қатысушыларға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім беру жүйесі және жас мамандардың кәсіби қызмет ету перспективалары туралы ақпарат берілді.

Бүгінде Алтай ауданында 35 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Алтай ауданымен Amanzholov University арасындағы ынтымақтастық бағыттарының бірі – түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. Тараптардың өзара іс-қимылында оң динамика қалыптасқан: соңғы үш жылда ауданнан шамамен 130 талапкер Amanzholov University студенті атанды. 2026 жылы университеттің 29 түлегі ауданның білім беру ұйымдарына жұмысқа орналасты.

Студенттерге мектептердегі кадр қажеттілігі, жұмыс жағдайлары және жас мамандарға қарастырылған қолдау шаралары туралы өзекті ақпарат ұсынылды. Ұсынылатын мүмкіндіктер қатарында кәсіби даму және тұрғын үймен қамтамасыз етуге қолдау көрсету бар.

Кездесудің елеулі бөлігі заманауи білім беру инфрақұрылымын дамыту мәселесіне арналды. Аудан мектептерінде химия, физика және биология пәндері бойынша жаңа үлгідегі 48 кабинет, сондай-ақ төрт стендтік кабинет жабдықталған. Білім беру процесінде 35 IT-сынып пен робототехника кабинеті де қолданылады.

Ауыл мектептерін дамытуға да ерекше назар аударылды. Екінші жыл қатарынан ауданның білім беру ұйымдары «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» бағдарламасына қатысып келеді. Заманауи техникалық құралдармен жабдықтау білім беру процесін ұйымдастыру және оқытудың заманауи тәсілдерін енгізу мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Мектептердің қызметі туралы практикалық ақпаратты «Алтай қаласының №7 орта мектебі» КММ директоры Алмаш Қабдылқызы Нұрмұхамбетова және «Алтай қаласының №11 орта мектебі» КММ директоры Людмила Борисовна Скрипник таныстырды. Олар мектептердің қызмет ерекшеліктері мен жас педагогтер үшін кәсіби мүмкіндіктер туралы айтып берді.

Кездесу соңында тараптар өзара іс-қимылдың алдағы бағыттарын белгіледі. Ұсыныстардың бірі – студенттер үшін Алтай ауданының мектептеріне таныстыру экскурсиясын ұйымдастыру. Бұл болашақ түлектерге жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат алып қана қоймай, мектептердің материалдық-техникалық базасымен және жұмыс жағдайларымен тікелей танысуға мүмкіндік береді.

Amanzholov University мен Алтай ауданы арасындағы өзара іс-қимыл мамандар даярлау мен білім беру жүйесінің қажеттіліктері арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ түлектердің кәсіби жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасайды.