17 қыркүйек 2026
Ж.К.УӘЛИЕВ АТЫНДАҒЫ СТИПЕНДИЯ ТАҒАЙЫНДАУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАНДЫ
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде көрнекті педагог, ғалым, университеттің құрметті ректоры Жұмаш Кәрімұлы Уәлиев атындағы стипендияны тағайындауға конкурс жарияланды.
Стипендия студенттерді оқу, ғылыми және қоғамдық қызметке ынталандыруға, сондай-ақ Жұмаш Кәрімұлы Уәлиевтің есімін мәңгі есте қалдыруға бағытталған.
КІМДЕР ҚАТЫСА АЛАДЫ?
Стипендияға Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің бакалавриат бойынша 2–4 курс студенттері үміткер бола алады. Стипендия бір студентке тағайындалады.
Үміткердің ағымдағы оқу жылындағы GPA көрсеткіші 3,5-тен жоғары болуы және университеттің ғылыми және қоғамдық өміріне белсенді қатысқанын құжат жүзінде растауы қажет.
Бағалау кезінде ғылыми жобаларға, ғылыми-техникалық конференцияларға, конкурстар мен олимпиадаларға қатысуы, ғылыми жарияланымдарының болуы және басқа да жетістіктері ескеріледі. Іріктеу кезінде ғылыми-зерттеу қызметіне басымдық беріледі.
Тең жағдайларда жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға басымдық беріледі.
ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР
Конкурсқа қатысу үшін мына құжаттарды ұсыну қажет:
- Қатысуға өтінім (1-қосымша);
- Жеке куәліктің көшірмесі;
- Транскрипт;
- Кафедра меңгерушісінің мінездемесі;
- Жоғары мектеп деканының студентке берген ұсынысы;
- Конкурсқа қатысушының сауалнамасы (2-қосымша);
- Үміткердің жетістіктерін растайтын құжаттар.
Өтінім нысаны Ғылым және ғылыми жобаларды коммерцияландыру бөлімінің Instagram желісіндегі @nauka_amanzholov_university парақшасының профилінде көрсетілген сілтеме бойынша қолжетімді.
КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
Құжаттардың талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін үміткерлер ғылыми жетістіктерінің презентациясы форматында портфолионы қорғау кезеңінен өтеді.
Конкурс қорытындысы бойынша стипендия тағайындауға ұсынылатын кандидатура университеттің Ғылыми кеңесінің қарауына жіберіледі. Стипендияны тағайындау университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі.
Стипендия оқу жылының бір семестрі бойы ай сайын төленеді.
ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ
Құжаттарды баспа түрінде Ғылым және ғылыми жобаларды коммерцияландыру бөліміне ұсыну қажет.
Мекенжайы: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55, №5 оқу ғимараты, 407-кабинет.
Құжаттардың нысандары мен конкурс туралы қосымша ақпарат @nauka_amanzholov_university Instagram парақшасының профилінде қолжетімді.
Қосымша ақпарат: +7 705 717 44 03
