16 қыркүйек 2026


«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ГРАНТ ИЕГЕРІ ИНДОНЕЗИЯДАН КЕЛГЕН СТУДЕНТ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде халықаралық білім беру байланыстарын нығайтуға және шетелдік студенттерді заманауи технологиялық бағыттар бойынша даярлауға бағытталған жұмыстар жалғасуда.

Университет студенттерінің қатарын Индонезиядан келген Андреа Сатриа Манурунг толықтырды. Ол «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы аясында Жасанды интеллект және ақпараттық технологиялар кафедрасының «Робототехника және жасанды интеллект» білім беру бағдарламасы бойынша білім алуға грант иегері атанды.

Шетелдік студенттің университетте білім алуы халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға және білім беру кеңістігіндегі өзара тәжірибе алмасуды кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл қадам жасанды интеллект, робототехника және ақпараттық технологиялар секілді болашағы зор бағыттар бойынша білікті мамандар даярлауға қосымша серпін береді.

Андреа Сатриа Манурунгты грант иегері атануымен құттықтаймыз! Оқу жолына сәттілік, ғылыми ізденістеріне толағай табыс және жаңа бастамаларына жарқын жетістіктер тілейміз!