18 қыркүйек 2026


ОБЛЫСТЫҚ СИМПОЗИУМ ӨТЕДІ

21 қыркүйек 2026 жылы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «АСБ бар балаларды қолдаудағы дәлелді практика және ведомствоаралық өзара іс-қимыл» атты облыстық симпозиум өтеді.

Іс-шара «Асыл Мирас» аутизм орталығының ашылғанына 10 жыл толуына орай ұйымдастырылады.

Симпозиум барысында аутизм спектрі бұзылыстары (АСБ) бар балаларды ерте анықтау және қолдау, дәлелді практикаларды қолдану, ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау, отбасы мен білім беру ұйымдарының өзара іс-қимылы, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау салалары мамандарының ведомствоаралық байланысы талқыланады.

Бағдарламада пленарлық отырыс, сараптамалық баяндамалар, практикалық кейстер, шеберлік сыныптары және пікір алмасу қарастырылған.

Өтетін күні: 21 қыркүйек 2026 жыл

Уақыты: 09:30–16:00

Өтетін орны: Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34.

Ұйымдастырушылар: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы және Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті.