21 қыркүйек 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТІ «3 VICE MISS OSKEMEN» АТАҒЫН ИЕЛЕНДІ

AMANZHOLOV UNIVERSITY-дің 4-курс студенті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенті Назлы Қарсақбаева қалалық «Miss Oskemen-2026» байқауында «3 VICE MISS OSKEMEN» атағын иеленді.

Биылғы байқауда AMANZHOLOV UNIVERSITY намысын бес студент қорғады. Назлы Қарсақбаевамен қатар, байқауға Нұрлы Сайлаубек, Сабина Қаирбаева, Мадина Адилахим және Аяжан Анарбек қатысты. Әр қатысушы үшін байқау өзінің даралығын танытуға, шығармашылық қабілетін ашуға және жаңа тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді.

Дәстүрлі сұлулық пен нәзіктік байқауы жастарды қолдауға, олардың талантын ашуға және өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысын арттыруға бағытталған. Байқау шығармашылық әлеуетті, өзіне деген сенім мен бастамашылдықты танытуға мүмкіндік беретін орта қалыптастырып, өз мүмкіндіктерін ашуға және жаңа жетістіктерге ұмтылатын мақсатшыл жастардың қалыптасуына ықпал етеді.

AMANZHOLOV UNIVERSITY студенттерінің байқауға қатысуы – университетті қалалық деңгейде таныстыруға, жастардың белсенділігін, талантын және дамуға деген ұмтылысын көрсетуге мүмкіндік берген тағы бір маңызды қадам.

AMANZHOLOV UNIVERSITY Назлы Қарсақбаеваны «3 VICE MISS OSKEMEN» атағын иеленуімен құттықтайды! Оған алдағы уақытта толағай табыс, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!