28 қазан 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру және болашақ мамандықтарын саналы таңдауға бағытталған жұмыстар жалғасуда.

Осы мақсатта Өскемен қаласындағы №39, №40 және №48 мектептердің жоғары сынып оқушыларына университеттің №7 оқу ғимаратында таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды.

Кездесу кезінде оқушылар «Физика» және «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламаларымен танысып, аталған бағыттардың ерекшеліктері мен кәсіби мүмкіндіктері туралы ақпарат алды. Сонымен қатар заманауи ғылыми зертханаларды аралап, зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуымен және оқу үдерісінде қолданылатын құрал-жабдықтармен танысты.

Мұндай кәсіби бағдар беру кездесулері мектеп оқушыларының мамандықтар туралы түсінігін кеңейтіп, өз қызығушылықтары мен қабілеттеріне сай болашақ кәсіби бағытын анықтауға мүмкіндік береді.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті жас ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасап, олардың кәсіби қалыптасуына бағытталған жұмыстарды жалғастырады.