28 қазан 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY АҚШ ЕЛШІЛІГІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫН КЕҢЕЙТУДЕ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі Қоғамдық дипломатия бөлімінің жоғары білім беру мәселелері жөніндегі маманы Ажар Кабдулинованың қатысуымен кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту, АҚШ университеттерімен серіктестік байланысты нығайту, сондай-ақ оқытушылар мен студенттердің кәсіби және ғылыми-білім беру әлеуетін арттыру мүмкіндіктерін кеңейту.

Кездесу барысында тараптар университеттің халықаралық білім беру бастамаларына, соның ішінде Fulbright, English Language Specialist және OPEN бағдарламаларына қатысу перспективаларын талқылады. Сонымен қатар америкалық мамандарды білім беру үдерісіне тарту, оқытушылардың біліктілігін арттыру, академиялық ұтқырлықты дамыту және озық педагогикалық тәжірибелермен алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ университеттің білім беру қызметін интернационалдандыруға және халықаралық байланыстарын нығайтуға тың серпін беретін өзара іс-қимылдың жаңа бағыттары қарастырылды.

Кездесу АҚШ-тың білім беру және академиялық ұйымдарымен ынтымақтастықты кеңейтудегі маңызды қадам болды. Бұл өз кезегінде білім мен тәжірибе алмасуға, кәсіби дамуға және білім мен ғылым саласындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.