4 қараша 2026


СТУДЕНТТЕР ҮЙЛЕРІНДЕГІ ЖАҒДАЙ МЕН ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Жастар орталығында Студенттер үйлеріндегі білім алушылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын зерделеу, қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау және өзекті мәселелерді анықтау мақсатында ашық кездесу өтті.

Кездесуге университеттің тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Жаннета Калимолдина, тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің мамандары, Студенттер үйлерінің меңгерушілері, Азаматтық қорғау штабының жетекшісі Ж. Жумажанов, Шаруашылық департаменті директорының орынбасары Р. Салықов, Студенттер үйінің тәрбиешісі Д. Серікбай және Студенттік кеңес мүшелері қатысты.

Жиын кезінде Студенттер үйлерінің санитарлық-техникалық жағдайы, жылу жүйесінің жұмысы, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы, ішкі тәртіп ережелері және білім алушыларға қолайлы тұрмыстық жағдай жасау мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ студенттердің күнделікті тұрмысында кездесетін өзекті мәселелер көтеріліп, оларды шешу жолдары қарастырылды. Қатысушылар қауіпсіздік талаптарының орындалуын тұрақты бақылауда ұстау, анықталған кемшіліктерді жою және тұрмыстық жағдайды жақсарту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Кездесу қорытындысында көтерілген мәселелер назарға алынып, Студенттер үйлерінде қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру міндеті белгіленді.