6 қараша 2026


АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ №20 МЕКТЕП: 30 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХ, ТОЛАҒАЙ ЖЕТІСТІК

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Басқарма мүшесі – проректоры Жаннета Қалимолдина Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №20 мектептің 30 жылдық мерейтойына орай білім ордасының ұжымын университет ректоры Гүлжан Жарасованың атынан құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді.

Құттықтау лебізінде мектептің білім беру мен жас ұрпақ тәрбиелеу жолындағы орнына тоқталып, ұжымның кәсіби еңбегі мен жетістіктеріне жоғары баға берді. Сондай-ақ ұстаздар қауымына зор денсаулық, шығармашылық шабыт пен толағай табыс тілеп, шәкірт тәрбиелеу жолындағы абыройлы қызметтеріне сәттілік тіледі.

Отыз жыл – білім мен тәрбиені қатар өріп, талай шәкірттің өмір жолына бағыт берген білім ордасы үшін айтулы белес. Мерейтой мектеп тарихындағы жарқын жетістіктердің жалғасы болып, ұжымның абыройы асқақтай берсін!