6 қараша 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ КИКБОКСИНГТЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараз қаласында ерлер арасында кикбоксингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Еліміздің әр өңірінен келген спортшылар қатысқан республикалық жарыста Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері де бақ сынап, жүлделі орындарға ие болды.

Университеттің Дене шынықтыру және спорт факультетінің 2-курс студенттері Жұмажан Мансұр мен Ерболұлы Тимур өз салмақ дәрежелерінде III орын иеленді. Атап айтқанда, Жұмажан Мансұр 91 келі, ал Ерболұлы Тимур 67 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, чемпионаттың қола жүлдегерлері атанды.

Бұл нәтиже – студенттердің табандылығы мен спортқа деген жауапкершілігінің жемісі. Олардың республикалық деңгейдегі жарыста көрсеткен жетістігі университет үшін зор мақтаныш.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті студенттерді жеңістерімен құттықтап, алдағы спорттық додаларда толағай табыс тілейді!