31 Қазан 2023


А.И. ГЕРЦЕН АТЫНДАҒЫ РЕСЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ: АКАДЕМИЯЛЫҚ ТАҒЫЛЫМДАМАНЫҢ БАСТАЛУЫ

30 қазанда А. И. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінде «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы студенттерінің Академиялық тағылымдамасы басталды (Санкт-Петербург, Ресей).

Қабылдаушы ЖОО-мен танысу барысында ШҚУ өкілдеріне граф Кирилл Разумовский сарайында, университет мұражайында және іргелі кітапханада экскурсия өткізілді. Бұл кітапхана қабырғасында алғашқы балалар оқу бөлмесі құрылған. Оның негізінде балалар оқуын ұйымдастыру әдістері дамыды.

Экскурсия соңында ШҚУ студенттеріне мамандандырылған технологиялық тәжірибесі бар технопарк жұмысы көрсетілді.