6 Қараша 2023


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ ӘКІМ СЫЙЛЫҒЫНА ҚАТЫСА АЛАДЫ

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Мемлекеттік жастар саясаты ісін асыруға қосқан үлесі үшін» сыйлығы Шығыс Қазақстан облысының аумағында тұратын 14 пен 35 жас аралығындағы ҚР азаматтарына 2023 жылғы айрықша еңбектерін ынталандыру және бағалау мақсатында беріледі.
Студенттер «Жылдың жас көшбасшысы», «Жылдың студент көшбасшысы» «Жас кәсіпқой» «Жылдың жастар ұйымы», «Жылдың жас журналисті», «Жылдың жастар акциясы», «Жас отбасы» номинациялары бойынша бағын сынай алады.
Конкурсқа қатысушылар туралы материалдарды қабылдау 2023 жылғы 20 қарашаға дейін Өскемен қаласы, Потанин көшесі 27/1 мекенжайында орналасқан ШҚО қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ арқылы қабылданады.
Айта кету керек, марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні қарсаңында өтеді.