13 ноября 2023


«ЖАҢА ЗАМАН ПЕДАГОГИКАСЫ: ҚҰНДЫЛЫҚТАР, СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР, МҮМКІНДІКТЕР» СЕМИНАРЫ

Университетте «Жаңа заман педагогикасы: құндылықтар, сын-тегеуріндер, мүмкіндіктер» атты облыстық ғылыми-практикалық семинар өтті. Облыс педагогтерін бір жерге жинаудағы мақсат – оқу орындарындағы заманауи педагогиканың өзекті мәселелері мен проблемаларын талқылау. Шара модераторы педагогика ғылымдарының докторы, профессор Надежда Завалко болды.
Семинар барысында Светлана Стельмах «ҚР-да білім берудің финдік моделі», Ринат Жақашев «Педагогикалық колледж жағдайында жаңа формация мұғалімін даярлау», Лаура Кемешева «Қазіргі мектептегі басқару: шындық және стратегия», Бақыт Даутбеков «Мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуы сапалы білім берудің негізі ретінде» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, Қарғаш Атыманова «ҚР мектепке дейінгі білім беру педагогтарын даярлаудағы жаңа тәсілдер» тақырыбында, Ертісбек Сәдуақасов «21 ғасырдың бәсекеге қабілетті тұлғасын дамытудың шарты ретінде қосымша білім беру» тақырыбында баяндамаларын оқыды. Сондай-ақ Жадыра Ахтанова «Өмірлік құндылықтар» тренингінің элементтерін көрсетті. Облыстық семинар соңында барлық баяндамашыларға дипломдар табысталды.