15 Қараша 2023


«ХИМИЯЛЫҚ КАЛЕЙДОСКОП» ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Amanzholov University-да «Химиялық калейдоскоп» турнирінің 14-нші маусымына қатысатын үміткерлер үшін іріктеу туры өтті.


Болашақ химиктерге арналған жыл сайынғы дәстүрлі турнирді химия кафедрасы ұйымдастырады.
Негізгі турға бес команда қатысады. Айта кетейік, өткен жылы жеңіске жеткен мектеп іріктеу кезеңіне қатыспай-ақ негізгі турға өтеді.


Білім бәйгесінде бақ сынайтын командалар: № 11 мектеп-лицейі, №15 орта мектебі, М.Шаяхметов атындағы №23 орта мектеп, №27 орта мектебі, Ы.Алтынсарин атындағы №39 орта мектеп, Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, О.Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейі, №47 орта мектебі, №46 орта мектебі, М.Шаяхметов атындағы №23 орта мектеп.


Еске сала кетейік, негізгі тур орыс тілінде оқытатын мектептер үшін 21 қарашада ал қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін 22 қарашада өтеді.